Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді.
Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет", - делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. Артынша Болат Назарбаев қайтыс болғаны расталды.
"Бәріне өзім жеттім". Болат Назарбаев туралы не белгілі?
Болат Назарбаев 2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!