- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бюджетке жоспардан тыс...
Бюджетке жоспардан тыс 52 миллиард теңге түсті
Фото:
tn.kz
Ел бюджетіне қосымша 52 миллиард теңге түсті, - деп жазады Tengrinews.kz. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин айтқан.
Оның айтуынша, жаздың басында комитеттің бірнеше қызметкері Алматыға келген. Солардың арқасында бюджетке жоспардан тыс 52 миллиард теңге түскен.
"300 спартандық" деп аталатын жұмыстың аясында 1 қыркүйекке дейін ел бюджетіне 39, Алматы қаласының бюджетіне 13 миллиард теңге түсті. Жұмыс жалғасып жатыр", - деді Ерғожин.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті WhatsApp мессенджері арқылы арыз қабылдай бастағанын жазған едік.
М. Бисембаева