Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты сот талқылауы өтіп жатыр. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің айыптау актісі мен істің мән-жайы оқылып жатқан кездегі реакциясы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды. Онда айыпталушының бұрынғы әйелінің туған ағасы Наурыз Мұқанғалиев пен әкесі Мақсот Қарабалиннің өліміне әкеп соққан оқиғаның мән-жайы баяндалған.
Құжатта Мақсот Қарабалиннің сүйегі кілемге оралып, көмілгені де айтылады.
Осы мәлімет жарияланып жатқан сәтте камера айыпталушыны түсіріп алған. Ол прокурорды еш қымсынбастан тыңдап отырады, тіпті бір сәтте оның жүзінен күлкіге ұқсас реакция байқалады.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!