Ташкентте бұрынғы үш әйеліне алимент төлемеген ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Мәжбүрлеп орындау бюросының баспасөз қызметі өкілдері ведомствоның Яшнабад аудандық бөлімінде алимент төлеуден жалтарған ер адамға қатысты іс қозғалғанын мәлімдеген. Ер адам бұрынғы үш әйеліне қарыз болып отыр.
Яшнабад аудандық сотының шешімімен міндетін орындаудан бас тартқан әке 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Махамбет аудандық сотында да осыған ұқсас іс қаралды. Үш баласына алимент төлемей жүрген ер адам қамауға алынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!