Бұрынғы сыртқы істер министрі жаңа қызметке тағайындалды

Сыртқы істер министрі болған Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;
  • Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!