Сыртқы істер министрі болған Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;
- Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
- Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Еске салайық, Ермек Көшербаев 2025 жылы сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ал 2026 жылы 2 қыркүйекте Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрі қызметіне кірісті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова