- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұрынғы күйеуі құлағы...
Бұрынғы күйеуі құлағы мен мұрнын кесіп тастаған: зардап шеккен әйел видеоүндеу жасады
Қырғызстанда Шу облысы Селекционный ауылында ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған. Ал бір жыл бұрын ол жәбірленушіні ұрып-соғып, зорлағаны үшін ұсталған. Зардап шеккен әйел бұрынғы күйеуі туралы күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, елге келгеннен бұрынғы күйеуі аңдып жүрген. Әсел Ноғойбаева бірнеше рет арыз жазса да, құқық қорғау органдары іс қозғамаған.
"Қырғызстанға оралғаннан бастап, бұрынғы күйеуім мені бір сәтке де қалдырмады. Қайда бұрсам да аңдып жүретін. Көп арыз жаздым. Құқық қорғау органдарынан талай рет көмек сұрадым. Олар менің құқығымды ойламады, маған ешкім құлақ аспады", - дейді Әсел Ноғойбаева.
Айта кетейік, полицияға бұл оқиға туралы шақырту 20 қыркүйекте түскен. 36 жастағы әйел ауруханаға пышақ жарақатымен келген. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 130-бабы "Денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.
Осы істі жасағаны үшін 39 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Еке салайық, бұған дейін зардап шеккен әйелдің әпкесі оған Түркияда бірнеше ота қажет екенін айтқан еді.
"Бүгін таңертең ол "балалаларым" деді. Әселдің бүкіл беті таңылған, тек мұрны мен аузы ашық. Оған Түркияда тағы бірнеше операция жасалады. Кеше дәрігерлер оның құлағы мен мұрнын жартылай тігіп берді. Әпкемнің бүкіл беті кесілген. Жақында Әселге көмекке шот ашамыз", - деп жазды әпкесі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Пышақты неге сыйлауға болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек