Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған
Фото: 24kg

Қырғызстанда Шу облысы Селекционный ауылында ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған. Ал бір жыл бұрын ол жәбірленушіні ұрып-соғып, зорлағаны үшін ұсталған. Бұл туралы әлеуметтік желіде жәбірленушінің әпкесі жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Полицияға бұл оқиға туралы шақырту 20 қыркүйекте түскен. 36 жастағы әйел ауруханаға пышақ жарақатымен келген. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 130-бабы "Денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.

Осы істі жасағаны үшін 39 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Күйеуі құлағы мен мұрнын кесіп тастаған әйелге Түркияда тағы бірнеше ота қажет. Оны зардап шеккен әйелдің әпкесі мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір жәбірленушінің жағдайы ауыр.

"Бүгін таңертең ол "балалаларым" деді. Әселдің бүкіл беті таңылған, тек мұрны мен аузы ашық. Оған Түркияда тағы бірнеше операция жасалады. Кеше дәрігерлер оның құлағы мен мұрнын жартылай тігіп берді. Әпкемнің бүкіл беті кесілген. Жақында Әселге көмекке шот ашамыз", - деп жазды әпкесі.

Ол әйелдің әкесі жоқ екенін, тек анасы мен ағасы барын жеткізді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова