Бурабайдағы бес жұлдызды Rixos қонақ үйіне санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Өйткені өңірдегі ең қымбат қонақүйдің тоғыз қызметкерінен стафилококк таяқшасы анықталған
"Асханада азық-түлікпен жұмыс істейтін барлық қызметкер күн сайын тексерістен өтпеген. Олардың қолында жарақаты, болмаса түрлі инфекция болуы мүмкін екені ескерілмеген. Зертханалық тексеріс олардың стафилаококк тасымалдаушы екенін анықтады. Солай бола тұра, тамақ әзірлеген. Жұқпалы ауру тараған", - деді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова.
Еске салайық, 2023 жылғы қыркүйекте бес жұлдызды қонақүйде ондаған адам астан уланып, тоғызы: аспаз, даяшы, аспаздың көмекшілері, менеджер, ұйымдастырушылар ауруханаға түскен. Жаппай уланудан кейін санитарлар тексеріс жүргізген. Қызметшілердің өзі стафилококк таяқшасын тасымалдаушы болып шықты. Жұқпалы дерті бар адамдар асханада жұмыс істеген.
Мамандардың айтуынша, азық-түлікпен жұмыс істейтіндер міндетті түрде күн сайын медициналық бақылаудан өтуге тиіс, бірақ бұл талап мүлде орындалмаған. Қонақ үйде екі асхана бар. Бұл аспаздар 100-ден аса қызметші тамақтанатын асханада тамақ әзірлепті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз