Бурабайда әйгілі Rixos қонақүйінде 17 адам астан уланды

Бурабайда әйгілі Rixos қонақүйінде 17 адам астан уланды
Фото: Tengrinews.kz

Бурабайда Rixos қонақүйінің 17 бірдей қызметкері жаппай астан уланып, ауруханаға жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігерлердің қабылдауында болған науқастардың тоғызы бірден ауруханаға жатқызылған.

"Rixos қонақжайының асханасында 17 қызметкердің астан уланып қалғаны анықталды. Қазір науқастанғандардың бір бөлігі Көкшетаудың көпбейінді қалалық ауруханасына жатқызылған. Қалғандары амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық және орташа ауыр дәрежеде. Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері қонақүйге жоспардан тыс тексеріс тіркеді. Қазір іс-шаралар жүрізіліп жатыр. Қонақүй қызметкерлері тексеріліп, тағам өнімдерінен, ауыз судан, шайындыдан сынамалар алынды. Қазір барлық сынамаға тексеріс жұмыстары жүріп жатыр", - дейді Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова. 

Көкшетау қалалық ауруханасының директоры Сәкен Қалымжановтың айтуынша, 9 қызметкер ауруханаға жатқызылған.

Астан уланғандардың бір бөлігі хостелде тұрып жатқан студенттер болып шықты. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек