- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бірнеше фактор бар"....
"Бірнеше фактор бар". Сенатор Алматыдағы өртке қатысты пікір білдірді
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Алматыдағы қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Азаматтардың туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтамыз. Өте өкінішті жағдай. Жіті қадағалауда болғанымен де мұндай жағдай болып жатқанына бірнеше фактор бар деп ойлаймын. Бұл - қауіпсіздік шараларының дұрыс деңгейде жасалмауы. Бір жағынан халықтың бәлкім қамсыз жағдайы да... Мемлекет тарапынан да қолдаудың тетіктері дұрыс қамтамасыз етілмегеннен де деп ойлаймын. Сондықтан біздің міндетіміз халық арасына көп жұмыс жүргізуіміз керек. Қауіпсіздік шаралары толыққанды қамтамасыз етілуі үшін мемлекет мүмкіндігінше жағдай жасау керек деп ойлаймын", - деді Бибигүл Жексенбай.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды.
Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды.
Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.
Сонымен қатар, қалалық ТЖД өкілдері министрі Сырым Шәріпханов Алматыда өрт шыққан хостелге келе жатқанын мәлімдеді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.
Хостелде тұрған Қаймұрат Шаңшаң оқиға туралы айтып берді. Хостел әкімшілігі де өртке қатысты ақпарат берді.
"Әкімшілікте барлық ақпарат бар. Кім тұрды, қайда тұрды. Мұнда студенттер мен жастар тұрды. 25 жасқа дейінгілер тұрды. 0-қабатта тоққа қатысты мәселелер болған", - деді олар.
Айта кетейік, өрт шыққан хостел аймағында тұрғындарға еріктілер көмектесіп жүр.
Оқиғадан кейін бірнеше адам басқа хостелге ауыстырылды. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Руслан Идрисовтің айтуынша, қазіргі таңда 50-52 адам басқа хостелдерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматыда 13 адам қаза тапқан хостел маңында не болып жатыр?
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz