Біреулер үшін бұл театр: Талғардағы шулы оқиға сотының ашық өтуіне қатысты депутат пікір білдірді

ІІМ бұрынғы орынбасары, қазіргі Сенат депутаты Марат Қожаев Талғардағы оқиғаға қатысты сот отырысы ашық өткізілсін деген халық талабына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ашық сот өткізу сот шешіміне байланысты. Қоғамның бір бөлігі ашық сот болсын деп талап етсе, кейбіреулерге бұл керек емес. Енді біреулер үшін бұл театр болып кетеді. Меніңше, кейде қоғамның осындай күрделі мәселелерін ашық түрде талқылау керек шығар", – деп пікір білдірді Қожаев.  

Ол аталған жағдай қоғамның ғана емес, құзырлы органдардың да толық бақылауында екенін атап өтті. 

"Қазір бұл істі Ішкі істер министрі мен прокуратура бақылауына алды. Менің ойымша, іс заң аясында объективті түрде тергеледі. Қоғамдағы осындай мәселені ашық түрде талқылау керек деген ойдамын", – деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.


Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Бүгінгі таңда жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам тергеу изоляторында. Аталған оқиғаға қатысты жаңалықтар – Шерзаттың әпкесі төбелеске қатысы бар тағы екі қыздың да ұсталуын талап етті.

Шерзат Болаттың өлімі: сот онлайн көрсетілуі мүмкін бе?

Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданған?

"Қантөгіс болмасын". Шерзаттың әкесі қазақстандықтарға шұғыл үндеу жасады

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!