- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Біреуге ақыл айтып,...
"Біреуге ақыл айтып, көсемси сөйлеуден аулақпын". Әнші Қыдырәлі Болман жақында жарық көретін кітабы туралы айтты
Танымал әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болман Желідегі парақшасында әсерлі жазба қалдырып, жақында жарық көретін кітабында не туралы жазатынына тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші жазбасында әр нәрсенің өз уақыты бары, әр адамның өз жолы барын тілге тиек еткен.
"Ассалаумағалейкум,Қазақ Елі !
Бұрын бір әзіл әңгімелер болушы еді.
Уа-,дүние,бұрын да осындай жарық па едің ?,-деген….. Дәл қазір мен үшін бұл әзіл емес. Уақыты келгенде, рет-ретімен жазылып, кітабыма енетін болар. Сол кезде түсінікті қылып, бүге-шігесіне дейін айтып беретін дүние толып жатыр. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Әр пенденің өз өмірі, өзіндік мінезі, өзіндік жолы, қиындығы мен қуанышы, тәубесі мен қанағаты, жеңісі мен жеңілісі, алдына қойған мақсаты, мақсатына жетуі үшін жасалған қадамдары, жанын шүберекке түйген кездері, бірақ мақсатына жетуі үшін, биіктен құласа да, бар күшін жинап, қайтадан тұруы,ең бастысы ешкімге ақтарылмаған сырларың….Өзіміз сияқты ауылда өсіп, Алматыға келіп,небір қиындық, сынақтардан аман-есен өтуі - мақсатына жетуі әрине бір Алладан ! Қисық-қиралаңы,сайы-тасы, күтпеген жерден шыға келетін кілт бұрылыстары,қол созым жер жеткізбей қоятын кезең-жолдары көп, ақылы азы, ақылдыға жөн сілтейтін, білімдісі білімсізді тыңдауға мәжбүр болар өзгеріске толы заманы…Өмір деген-ЖОЛ !", - деп жазған ол.
Сонымен қатар, продюсер жақында жарыққа шығатын тырнақалды туындысы, кітабының не туралы екенін де түсіндірді.
"Менің кітабымда біреуге ақыл айтар, көсемси сөйлеп, жаманымды жасырып, жақсымды асырудан аулақпын ! Ең бастысы, конькиді әкесінің пимасына сымтемірмен орап, тістеуікпен тартып тастайтын “хоккейст” ,”футбольная поля” дегенді білмейтін, шағын жерге тастардан бір ғана “варатаға” жасап жіберіп, екіге “команда” бөлініп, футболдан “әлемдік матч”, өткізіп жіберетін, ауыл көлінен басқа, “бассейн” дегенді тек кинодан ғана көріп өскен, өзім сияқты ауыл балаларына бір тамшы пайдасы тисе, көптеген жыраққа кетіп жатқан жолдардан, менің жолдарыма қарап, қателерімді қайталамай, мейлінше дұрыс жол таңдауға, қандай жағдайда болса да, Жаратқаннын жүрегінде ұстап, жақсы жолдармен жүруіне, адасар жолдарға түспеуіне бір мысқал көмегі бола алса, тағы да бір кішкене ғана мақсатыма жеттім деп есептер едім! Қазіргі тілмен айтар болсақ, бір грамм “мотивация” бере алса, шүкір болар еді. Содан соң - “көркем фильм”.
Ол енді-келесі кезектегі әңгіме Алла қаласа !", - деп жазған әнші.
View this post on Instagram
Қыдырәлі Болман жұбайы Қарақат Әбілдинамен бірнеше күн бұрын Германияға ем алуға кеткен. Осыған байланысты желі қолданушылары әншінің тезірек айығып кетуіне тілекші болып, пікір қалдырған.
"Қыдыр әкем ауырмаңызшы! Мен сізді жақсы көрем", "Кыдеке алла шипасын берсін, айығып аттай болып кетіңіз" ,"Аман болыныз, алла ұзақ өмір берсін", "Алла шипасын берсін, елге аман сау оралыңыз", 'Аға, аман-есен елге оралыңыз", "Алла шипасын берсін. Ем болсын", "Әнші, еңбекқор ағамызға денсаулық тілеймін! Аман болыңыз!", "Алла шипасын берсін. Аман болыңыз, бала-шаға қызығын Қарақатыңызбен бірге көруіңізге тілектеспін", - деп жазған әншінің оқырмандары.
Айта кетейік, бұған дейін "Дәулет Тұрлыхан - сөзсіз батыр!" Қыдырәлі Болманов депутаттың ұлына қатысты жайтқа білдірген пікірі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Хақназар ханның қазақ тарихындағы рөлі
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә