"Дәулет Тұрлыхан - сөзсіз батыр!" Қыдырәлі Болманов депутаттың ұлына қатысты жайтқа пікір білдірді

"Дәулет Тұрлыхан - сөзсіз батыр!" Қыдырәлі Болманов депутаттың ұлына қатысты жайтқа пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желі/https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/90202/

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов депутат, спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты жайтқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі Дәулет Тұрлыхановты қолдап, халықты артық сөз айтпауға шақырды.

"Батырларын төмен түсіргісі келіп, неше түрлі сөз қозғайтын іштен шыққан жау жаман! Осыны біле тұра, солардың артынан еретін қазағым! Тыңда! Ардақ бауырым да өте адал, батыр, алаш асылдарының жалғасы дер едім! Кейінгі кезде іріткі салатындар көбейді… Дәулет Тұрлыхан - сөзсіз батыр! Бірулер батырды, батыр емес деп насихаттауда! Ол насихатшыларды қазағым қолдап, шуылдауда! Батырсыз ел болмайды! Кешегі Қабанбай, Бөгенбайлардың бүгінгі жалғасы - Дәулет Тұрлыхан! Кім баласының жаман болсын дейді? Мәрзия анамның әр баласы арлы Болат әкеміздің әр жасаған ісі - маған тағылым! Инстаграм бар екен деп, неше түрлі сөз айтып, күнәға батып, жауларыңды семіртпеңдер! Батыры жoқ, ақыны жоқ, ел жетім! Бір болайық! Береке келер! Батырды да, ақынды да тек Алла береді. Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер! Өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дер деген өсиет бар. Өсіп, өнейік десек, осыны ұққанымыз жөн! Алла батырмызды да, ақынымызды да сақтасын" - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Желі қолданушылары екі түрлі пікір білдірген. Бір тобы оның пікірін қолдаса, енді бір топ қарсы шыққан:

Қыдырәлі кешегі Қаңтарда жазықсыз сотталғандарды неге осылай қорғамадың айтқыш болсаң, қарапайым халықтың басына күн туған кезде ешқашан үніңді шығарған емессің. Сендерді осы дәрежеге жеткізген халық екенін ұмытпаңдар. Қыдырәлі-Қарақат деген сайын көсемсімеңдер! Айтасың ба, әділдігін айт!

Қыдырәлі, сен Даулетті батыр дегегің артық кетті! Батыр деген халықтың қорғаушысы! Ал қазір батыр жоқ. Бәрі билікке жағымпазданып, биліктің сөзін сөйлейді. Сенің халықты жаұтап жургеніңді естімеппін. Сен батыр болмайсыңба, жағдайың бар. Журсіңдер әндетіп қана халықтан акша жинап.

Қазір батырлар жоқ, батырлардың барлығы түрмеде және өлтірілді, бостандықта тек батырмын деп жүргендер титушкалар, батыр болса неге қытай мен орысты кіргізеді, жоғарыда өтірік сөйлеп отыр.

Ешкім баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді, жүрген орта, сана деген заттар бар ешбір тәрбиеге көнбейтін. Атам қазақ айтқан ұлы бар адам біреудің ұлын әңгіме етпесін, қызы бар адам біреудің қызына күлмесін, басыңа келеді деп, соншалықты дау қылу керек емес, ата-анасын кінәлап та керегі жоқ, оңай шаруа емес әрине.

Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталғаны хабарланған еді. Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады.

"Кім баласын жаман болсы дейді. Ересек балалар. Білген жоқпын. Өздері разберутся. Бір-бірін сонша қатты жақсы көретін шығар", - деп жауап берді Тұрлыханов.

Кейін депутат Facebook-парақшасында оқиғаны түсіндірді. Ал Ардақ Назаров Дәулет Тұрлыхановты жақтап, жазба жариялады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова