Күні бойы аш жүру зиян ба? Бұлай тамақ ішпеу арқылы арықтауға бола ма? Бір күн тамақ ішпесеңіз, ағзада не болады? Бұл сұрақтарға гастроэнтеролог Екатерина Кашух жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Адамдар түрлі себеппен тамақ ішпейді. Біреулер ораза кезінде тамақтан бас тартса, басқалары тамақ ішпеу арқылы ағзаны "токсиндерден тазартқысы" келеді. Ал тағы біреулер арықтау үшін тамақ ішпейді.
Бір күн тамақ ішпеу пайдалы ма?
"Бір күн аш жүру ағзаға айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, бірақ ол артық килограмдардан арылуға да көмектеспейді, - дейді гастроэнтеролог Екатерина Кашух. — Егер жүйелі түрде бір күн тамақ ішпей жүрсеңіз, ол денсаулығыңызды әлсіретуі мүмкін. Оның зияны қаншалықты болатыны адамның салмағы мен хал-жағдайына байланысты".
Тіршілік іс-әрекетін сақтау үшін ағзаның әр жасушасына глюкоза керек. Бұл көмірсу – барлық жүйе мен орган, соның ішінде ми үшін энергияның басты көзінің бірі. Адам глюкозаны тамақтан алады, асқорыту процесі кезінде ол қанға сіңеді, содан соң инсулин гормонының көмегімен жасушаларға енеді, сол жерде ол энергияға айналады.
Глюкозаның артығы бауырда ерекше қосылыс - гликоген түрінде жиналады. Ағза бұл қорды қандай да бір жағдай үшін сақтайды: мысалы, адам қандай да бір себеппен тамақ ішіп үлгермеді. Бірақ бұл қор орташа есеппен бірнеше сағатқа қана жетеді.
"Содан соң ағза энергияның басқа көздерін іздеуге мәжбүр болады. Ол майды жұмсайды және бұлшықет тінін бұза отырып, одан энергия алады. Сондықтан жүйелі түрде бір немесе одан да көп күн тамақтан бас тарту, денсаулыққа қауіпті. Бір күн тамақ ішпеу арқылы арықтай да қоймайсыз. Тіпті, керісінше: жүйелі түрде тамақтан бас тарту денені аштық кезіне қажет болады деп, май жинауға мәжбүрлейді", - дейді дәрігер.
Интервалдық ашығу пайдалы ма?
Бұл кезде нақты уақыт интервалы бойынша тамақ ішуге болады. Мысалы, таңғы ас, түскі ас және кешкі асты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ішіп үлгеру керек, ал одан соң тек су ішуге болады.
"Мұндай тамақтану режимі кезінде адам тиімді арықтайды және ағзасы тазарады деп саналады, себебі ашығу аутофагия процесін, яғни жасушалық қоқысты қайта өңдеуді іске қосады. Бұл мехнизм шынымен де бар, оны ашқаны үшін ғалым Ёсинори Осуми 2016 жылы Нобель сыйлығын алды. Бірақ оның ғылыми жұмысының семіздік проблемасына қатысы жоқ. Оның атқарымы болашақта қатерлі ісіктен дәрі ойлап табуға көмектесуі мүмкін. Ал аутофагияның артық салмақпен күресі әзірге дәлелденген жоқ", - дейді Екатерина Кашух.
Сол үшін де дәрігер сауығу әдісі ретінде ашығуды ұсынуы мүмкін емес.
"Дәлелденген медицинада денсаулықты сақтау үшін тамақтан бас тарту керегі жайлы ұсыныстар жоқ. Сол сияқты тамақтану арасы нақты қанша уақыт болуы керек жайлы да әмбебап ережелер жоқ. Барлығы жеке адамға және оның күн тәртібіне байланысты", - дейді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, кей адамдар үшін күніне екі рет тамақ ішу жеткілікті, оның ағзасы одан қиналмайды. Алайда тамақтану режимін сақтау керек және әр 3-4 сағат сайын тамақ жеуі керек адамдар категориясы бар: