- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір-бірімізге қатты ғашықпыз"....
"Бір-бірімізге қатты ғашықпыз". Танымал актер әнші Ақбота-Нұр Абайқызымен арақатынасы туралы
Танымал актер Ермек Шынболатов "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында әнші Ақбота-Нұр Абайқызымен арақатынасы туралы ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, Ақбота-Нұрмен алғаш рет жобада танысқан.
"Халық Ақбота-Нұр екеумізді қосып жатыр. Бұған сеніп-сенбеуді әркім өзі біледі. Ақбота-Нұрмен алғаш рет осы жобада таныстық. Бізді жұмыс байланыстырады, жұмыс барысы ғана, басқа ештеңе жоқ. Арамызда сезім жоқ. Фильм бойынша біз бір-бірімізге қатты ғашық адамдармыз. Фильмде әке мен баланың қарым-қатынасы көп қозғалады, бірақ ішінде махаббат та бар. Бір айдай Түркияда жаттық. Түріктің ұлттық тамақтарына әбден тойдық. Әлеуметтік желіде тараған видео жәй ғана фильмнің кадрлары. Оны әркім өз қалауынша қабылдайды", - деді актер.
Айта кетейік, бұған дейін "Қыркүйекте үйленемін". Танымал актер жеке өмірінің құпиясын бөліскені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Оқушыны автобустан түсіріп тастаған жүргізушілер жазалана ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә