"Қыркүйекте үйленемін". Танымал актер жеке өмірінің құпиясын бөлісті

"Қыркүйекте үйленемін". Танымал актер жеке өмірінің құпиясын бөлісті
Фото: "OZMZ ғой"

Көпшілікке "Дәстүр" фильмі арқылы танылған актер Ермек Шынболатов "OZMZ ғой" бағдарламасына берген сұхбатында жақында үйленетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер ең алдымен балалық шағы туралы айтты.

"Отбасым негізі өнерге жақын адамдар. Әкем баянда ойнайды, анам домбыра тартады. Бала кезімнен айналыспаған ісім жоқ. Бокстан бастап, футбол, теннис, тоғызқұмалаққа дейін, осылай қызығушылығым көп еді. Алдағы уақытта мені жаңа қырымнан тануларыңыз мүмкін. Кумиріммен жақсы дуэт дайындап жатырмыз"

Сонымен қатар, өнер иесі жеке өмірінің де құпиясын бөлісті.

"Негізі менің сөйлесіп, ұнатып жүрген қызым бар. Қыркүйекте үйленемін бе деген ойым бар, бірақ оны көре жатармыз. Ең бастысы көңіліміз бір жерден шығып, сөйлесіп жүрген жайымыз бар", - деді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Коронавирус қайтадан өршіп жатыр ма?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә