- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір ай бойы...
"Бір ай бойы қос балдақпен дос болдым". Роза Әлқожа денсаулығы туралы айтты
Осыдан тура бір ай бұрын танымал әнші Рожа Әлқожа сахнада құлап, аяғын ауыртып алған болатын. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Роза Әлқожа бір айдан астам қос балдақпен дос болып, қазіргі уақытты өз аяғымен жүргенін жазған.
"Қайырлы күн!
Ораза қалай өтіп жатыр?
Көктем келгені сезіліп, көңіл де жайланып жатыр ма?!
Бір айдан астам уақыт ходунокпен, қос балдақпен дос болып, кеше жездеме сыйға тарттым. Бір таяқ қалды).
Мұндайда кісі көңілі кіршең келеді, әу демегендерді әлеуметтен сызып тастағың кеп тұрады)!..
Одан қарапайым ел жақсы. Күнде тілек жазып, халіңді біліп отырады. Пенденің әдеті - мен мынау едім деп кеуде керу ғой. Ал, шын мәнінде біз тәңірдің алдында тозаң ғанамыз.
"Бұ дүние - ахиреттің егіндігі". Аманатқа берілген жанды арқалап жүріп, Алладан берілген заңды ұмытқымыз келеді. Құлшылыққа ғана жіберілген тіршілік иелері құдай боп кететіні де сол құл болғандығынан шығар?!
Дүниеде кешірім беру - пендеге қиын, құдайға оңай. Оның ішінде сол сәттегі өзіңді кешіру - қиынның қиыны екен!..
Қасиетті ораза айында ренжіткен жандар болса - кешірім өтінемін!
Мен де кешірдім - өзгені де, өзімді де!!!
Артық жүк арқалағым келмейді екен.
Жаратқан осыншама мейірімді болғанда біз кешіре алмайтын қай құдіретпіз?!)@indiraelubaeva бақыт жайлы бір ән беріп еді, осындай жолдар туды. Ойды ой қозғайды емес пе?!
Өткен күнге өкінуді доғар да,
Алғыс айтып, қадам жаса тек алға!
Мұңға емес, шынға жақын жандарға
Шаттық толы жарқын күннің көбі алда.Бұл құдайдың ғажап берген әр күні,
Жаратқанның талқыланбас жарлығы.
Бұл - біреудің сүрмей кеткен ғұмыры,
Бұл- біреудің көрмей кеткен тағдыры.Бақытты бол өзің үшін,
Бақытты бол сезім үшін,
Бақытты бол кезің үшін шаттанған!
Жабырқамай жан мұңына,
Тәубе дей біл тағдырыңа.
Бақытыңды ізде осы шақтардан!Бар ғаламға шуақ, нұрын таратқан,
Бәрімізді тәңір ойлап жаратқан.
Әрбір сәтің сынақ үшін берілген,
Әрбір пенде өтіп жатыр сабақтан.Жауабы бар әрбір айтқан сөзіңнің,
Сауабы бар қайыр қылған кезіңнің.
Ұрпағыңа беріледі бар бата,
Жақсылығың - жақсылығың өзіңнің.Жүрген кезде бітпес мақсат, мұратпен,
Жақыныңсыз жаның таппас жырақта ем.
Қуантайық бірімізді біріміз,
Құдай бізді сүйіншілер жұмақпен?!Сыналамыз - тіл, көз және құлақпен,
Сұраламыз бауыр деген бір атпен.
Арамызды қосып тұрған - бір-ақ сәт,
Жанымызды ұстап тұрған бір-ақ дем", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін "Он жыл бұрынғы оқиға қайталанды". Роза Әлқожа сахнада күтпеген жағдайға тап болғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Психоматика бойынша тамақ ауруы нені білдіреді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә