"Он жыл бұрынғы оқиға қайталанды". Роза Әлқожа сахнада күтпеген жағдайға тап болды

"Он жыл бұрынғы оқиға қайталанды". Роза Әлқожа сахнада күтпеген жағдайға тап болды
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал әнші Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын ауыртып алды. Қазіргі таңда өнер иесі гастролдік сапармен Қарағанды өңірінде жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ғайыптан тайып, құлап отырмын. Сынықшы апамның үйінен бір-ақ шықтым. Рзагүл апа осыдан жеті жыл бұрын да аяғымды салып беріп еді. Сол оқиға тағы қайталанды. Сахнада құлап, аяғымды ауыртқанда да осы кісіге келіп едім. Қасымда жүрген інілерімнің қалай алып келгенін айтпай-ақ қояйын", – деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар, әншінің ұлы мен қызы да қатар ауырып қалған.

"Қызың үйде қызылша болып ауырып жатыр. Балаң да ауырып бастады. Ал, сен аяқты қайырып, сіңірің созылып, тобығың жарылып жатыр. Аналар ғана түсінетін жағдай. Балапанымның туған күні басталды. Бастысы жаратқан баршамызға ұзақ ғұмыр берсін! Қалғанын кейін жасап аламыз", – деп жазды әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы