- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір аунап тұрдым"....
"Бір аунап тұрдым". Нұрғали Нүсіпжановтың жағдайы белгілі болды
Жақында ауруханаға түскен Нұрғали Нүсіпжановтың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші, Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев Instagram-парақшасында бөлісті.
"Нұрғали ағамен кеше хабарласып, жағдайын сұрадым. Аға ауырып қалды деп жатыр, қалыңыз қалай, аман-есенсіз бе деп? Бір аунап тұрдым, қаттылау келді, түрі жаман деп біраз әңгімелестік. Шүкір, қазір жағдайы жаман емес, сахнаға шығуға, ән салуға шамасы жетіп-ақ тұр. Іштегі бір өкініш 85 жасқа келгенде, жоғардағы мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын сездім…" - деп жазған әнші.
Рамазан Стамғазиев Алматы басшылығына үндеу жасады.
"Айтатын қаншама әні іркіліп тоқтап тұрғаны, дүркіретіп өткізуіне көңіл бөлінбей тұрғанын естіп мен де ойланып қалдым. Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр? Мәдениет министрі, көмекшілері қайда? Оларға айтатын адам жоқ па? Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш-қуат берсін! Жасай беріңіз, Нұр аға 90-100-ге келген тойыңызды, амандық болса, көруге жазсын!" - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін әнші, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ауруханаға түскенін хабарлаған едік.
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Әнші. Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек