"Сіз қазаққа керексіз!" Нұрғали Нүсіпжанов ауруханада жатыр

"Сіз қазаққа керексіз!" Нұрғали Нүсіпжанов ауруханада жатыр

Әнші, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Жігер Ауыпбаев хабарлады. 

"Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтай аңыз тұлғалардың көзін көріп, шығармашылық  байланыс жасаған, қазақ шоу бизнесінің мэрі Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз сырқаттанып ауруханада жатыр екен… Алла шипа берсін, Нұр аға! Жазылып кетіңіз! Сіздің сахнаға шыққаныңызды қаншама халқыңыз күтіп отыр. Қаншама өнердегі іні-қарындастарыңыз саулығыңызды тілеп, жазылып шыққаныңызды күтіп отыр?! Ауырмаңыз! 100 жасаңыз! Сіз қазаққа керексіз!", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жигер Ауыпбаев (@jiger_auypbaev_official)

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Әнші. Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина