Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шықты. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Хостелде тұрған Қаймұрат Шаңшаң оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Хостелде тұрғаныма 2 ай болды. Алматыда жұмыс істеймін. Дабыл қоңырауын естідік. Сол кезде қою түтін шыға бастады. 1-қабатты түтін басса, жертөлеге өту мүмкін болмады, өйткені ол жердегі баспалдақтар дұрыс орналастырылмаған, жүгіріп шыға алмайсыз. Соның кесірінен шыға алмаған адам көп. Мен 1-қабатта болдым. Біз шыққаннан кейін терезелер мен артқы есіктер ашылды. Шамамен хостелде 60-70 адам болды. Таңғы 5-те дабыл соғылды. Біз 10-15 минутта шығып үлгердік, кейін 15-20 минуттан кейін өртсөндірушілер келіп, қалғандарын шығарды. Бөлменің есігін ашқанда қою түтін көрінді. Жертөледегілер киімдерін алуға да уақыты болмады. Мен киімдерімді алып шықтым. Алдымен 30 адам шықтық, қалған 30 адам қалды. Өрт неден шыққанын білмеймін, тоқтан болуы мүмкін, онда тоқтар бірп-біріне жалғанып, қалай болса солай тұрады. Кеше матрацтарды алып келген, солардың қасында тоқтар ашық жатқан", - деді ол.
Алматыда 13 адам қаза тапқан хостел маңында не болып жатыр?
Еске салайық, бүгін Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев пен Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев өртке қатысты пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!