Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева блогерлер мен журналистердің қызметіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ өкілі Балаеваға "Блогерлердің жұмысы журналистермен теңестіріле ме?" деп сұрақ қойды.
"Жоқ, теңестірілмейді. Ол үшін арнайы заң бар. Блогерлердің жедел ақпарат тарату құралының бәрі интернет-платформалар туралы заңмен реттеледі. Ал біздің (масс-медиа туралы заң – ред.) заңға оның қатысы жоқ" , - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Еске салайық, бұған дейін министр мемлекеттік орган қызметкерлері журналистің ресми сауалына қанша уақытта жауап беруге тиіс екені туралы сұраққа жауап берген еді.
Ведомство басшысы сонымен бірге жалақысы туралы да айтты.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!