"Gucci костюмімді 5 жылдан бері киіп жүрмін". Балаева жалақысы туралы айтты

"Gucci костюмімді 5 жылдан бері киіп жүрмін". Балаева жалақысы туралы айтты
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қымбат киімі мен жалақысына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жалақым - 1 миллион 300 мың, бірақ қолыма аз тиеді. Менің мойнымда ведомстволық ұйымдар мен миллиардтаған бюджеттің жауапкершілігі жатыр. Менеджер ретінде бұл лайық жалақы деп ойлаймын", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ министр сәнді брендтегі киімі туралы да айтты.

"Gucci костюмім туралы айтсақ, фотоларыма қарасаңыз, бұл костюмді 5 жылдан бері киіп жүрмін. Бір рет сатып алып, 5 жыл кию, меніңше, қылмыс емес, - деді ведомство басшысы.

Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан