Білім күні жұлдызға айналған бала кім екені белгілі болды

Әлеуметтік желілерде Алғашқы қоңырауда кілемде телефон қарап жатқан сәбидің суреті тараған еді. Суреттен мектептердің бірінде салтанатты жиын өтіп жатқаны көрінеді. Желі жұлдызына айналған бала кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle

Суреттегі баланың аты - Жанасыл Бақтығали, ол төрт жаста. Бала Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараөзек ауылында тұрады.

 

Баланың анасы Бақытгүл Жақыпованың айтуынша, суретті салтанатты жиынға қатысушылардың бірі түсірген. Іс-шараға бала анасымен, осы мектепте оқитын екі ағасы және әпкесімен бірге келген.

"Біреу оны түсіріп алған. Сурет хит болды. WhatsApp-қа еліміздің түрлі қалаларында, Алматы, Ақтаудағы туыстарым жіберді. Үйге келген кезде ғана хабарлама ала бастадым", - деді баланың анасы.

Бақытгүл Жақыпова 43 жаста, ол алты баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы 23 жаста, тұрмысқа шыққан, ал одан кейінгі ұлы 21 жаста. Ол жақында әскерден оралған.

"Тағы үш балам бар, олар сегізінші, жетінші және үшінші сыныптарға барады. Ең кішісі, алтыншы балам - Жанасыл. Ол төрт жаста. Балабақшаға бармайды, менімен бірге үйде отырады. Балалардың әкесі, өкінішке қарай, қайтыс болды", - дейді әйел.

Бақытгүл Білім күні ұлына неге костюм кигенін түсіндірді.

"Ол да сол күні үлкен ағалары мен әпкелері сияқты әдемі көрінгісі келді. Мен ұлдарымның костюмінің бірін машинамен тігіп бердім", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Алғашқы қоңырау салтанатынан түрлі қызық видео тарағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!