"Жылама, бар болғаны 3000 күн оқисың…" Алғашқы қоңырауда қандай қызықтар болды?

"Жылама, бар болғаны 3000 күн оқисың…" Алғашқы қоңырауда қандай қызықтар болды?

Бүгін 1 қыркүйек - Білім күні. Желіде Алғашқы қоңырау салтанатынан түрлі қызық видео тарап жатыр. Massaget.kz тілшісі әлеуметтік желідегі осындай видеоларға шолу жасады.

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының Instagram-парақшасында Алғашқы қоңырау салтанатының видеосы жарияланған. Бұл ерекше видеода қоңырау соққан 1-сынып оқушылары ойыншық көліктерде отырғаны көрінеді.

"Ресми соғылған бірінші қоңырау. Келер оқу жылында оқушыларымыз жақсы жетістіктерге жетуін нәсіп етсін!" - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от САРЫОЗЕК (@saryozek_insta)

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған.

"Кішкене креатив қосқан, керемет қой. Барлық бастаманы сынап не күлетін болсақ, бастама мүлде болмайды", "Не мазақ", "Бәрін керемет ұйымдастырды, бала көп болса да, тәртіп болды", - деп жазған пікір білдірушілер.

Instagram-да тараған тағы бір видеоны белгілі блогер Дәулет Мұқаев парақшасында жариялаған. Видеода кішкентай баланың ауыр гүлді көтере алмай әрең жүріп келе жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, кадрлардан олардың мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқушылары екені байқалады.

Бүгін барлық танымал блогер мен топта таралған ең қызық суреттердің бірі - жерде телефон қарап жатқан баланың суреті.

"Бүгінгі күннің басты суреті", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)

qumash_kz Instagram-парақшасында жарияланған Алғашқы қоңырауда түсірілген видео 10 мыңнан аса қаралым жинаған. Онда оқушы жылап тұрғаны көрінеді. Видеоға қызық жазба жазылған.

"Алғашқы қоңырау - бірінші қиындық. Ештеңе етпейді. Бар болғаны 12 жылдық құлдық", - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Бұл видеоға жазылған пікірлер де ерекше.

"Жазда демала алмағандағы көңіл күй", "Оған мына әлем бұрыннан түсінікті", "Құрметті күнделік...", "Жылама, бала, бар болғаны 3000 күн оқисың…" - деп жазған пікір білдірушілер.

kaztwitter Instagram-парақшасындағы видеода 1 қыркүйек пен 2 қыркүйектегі оқушыны салыстырып көрсеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter)

Бұл видеода Желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылған.

"Ешкімнің көңіл күйі жоқ", "Ай, балалар, балалар, сондай күлкілісіңдер", "Рақаттанып күліп алдық", - дейді Желідегілер.

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та оқу жылы қалай әзілге айналғанын жазған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова