БҚО-да бір жасар қыз дәретхананың шұңқырына құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 13 сәуірде болды. БҚО ТЖД мәліметінше, Казталов ауданы Әжібай ауылының тұрғыны №11 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы Мейіржан Жанғалиевке жүгінген.
Ол бір жасар қызы үйдің ауласындағы дәретханаға түсіп кеткенін айтты. БҚО ТЖД қызметкері дәретханаға құлаған баланы құтқарды.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында екі жасар бала даладағы дәретханаға түсіп кеткені хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!