Маңғыстау облысында екі жасар бала даладағы дәретханаға түсіп кеткен

Маңғыстау облысында екі жасар бала даладағы дәретханаға түсіп кеткен
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысында екі жасар бала даладағы дәретханаға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Екі жасар қыз үйдің ауласындағы дәретхана шұңқырына түсіп кеткен. Жақындары баланы құтқарушылар келгенге дейін шығарып алған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.

Құтқарушыларға шақыру 31 наурызда сағат 13:12 шамасында түскен.

"Бала құтқарушылар келгенге дейін құтқарылды", - деді Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова