Биыл жазда шаңырақ көтерген танымал қазақстандықтар

Биыл жазда шаңырақ көтерген танымал қазақстандықтар
Фото: Massaget.kz

Биыл жазда шаңырақ көтерген танымал қазақстандық жұптар аз емес. Бірі жақындарының арасында кішігірім бас қосса, енді бірі дүркіретіп той жасады. Massaget.kz тілшісі 2023 жылы отбасын құрған жұптарға шолу жасады. 

Qanay

6 маусымда Qanay лақапатымен танымал әнші Нұрболат Қанай үйленді. Нұрболат Қанай Stories-інде неке куәлігін көрсетті. 

"Бірге Мағрип намазын оқыдық. Алла тағала жымиып күлген сияқты екеумізге. Я Алла, қайырлы қыл. Ал құттықтап қойсаңыздар болады. Құттықтап жатқан оқырмандарыма рақмет. Алла разы болсын. Я раббым не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын", - деп жазған еді ол.  

Бұған дейін Желіде Qanay-дың тойынан видеолар тараған еді. 

Видеодан алынған кадр

Кенжебек Нұрдолдаев

Кейін 3 шілдеде әнші Кенжебек Нұрдолдаевтың шаңырақ көтергені белгілі болды. 

Той Астанада өткен. Думанды кешті актер, әзілкеш Марат Әлібаев тізгіндесе, келіннің бетін әнші Ғаділбек Жаңай ашты. Сондай-ақ, тойда әнші Әміре мен Auka да өнер көрсеткен.

Видеодан алынған кадр

Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеухан

5 шілдеде актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова мен бірқатар онлайн-жобаның негізін қалаған Мағжан Тілеухан үйлену тойын өткізді. Салтанатты той Алматыдағы премиум қонақ үйлердің бірінде өтті.

Бұл тойға шоу-бизнес жұлдыздары мен блогерлер келді. Той өтететін жер таңдалған тақырыпқа сай өте әдемі безендірілген: қонақүйдің террасасы ақ лалагүлдермен және орхидеялармен тропикалық жұмаққа айналған.

instagram.com/asselsadvakassova

Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаш

Ал 16 шілдеде мобилограф Қыран Талапбек екінші рет шаңырақ көтерді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына өміріндегі маңызды сәттің кадрларын жариялады. Қыран Талапбек бұған дейін Айжұлдыз Адайбековаға үйленген еді. Кейін жұп ажырасып кетті. Олардың бір ұлы бар. Ал мобилографтың ендігі таңдауы Гүлзада Тұрлашқа түскен. Ол актриса ретінде танымал. Айта кетейік, Гүлзада Тұрлаш та бұған дейін тұрмыста болған.

Қыран Талапбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан 

Санжар Тәшкенбай

Дәл сол күні, 16 шілдеде, бокстан әлем чемпионы, 19 жастағы Санжар Тәшкенбайдың шаңырақ көтергені белгілі болды. Спортшының жарының есімі - Аяулым. 

Санжар Тәшкенбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан 

Kalifarniya

Шілдеде тағы бір танымал әнші шаңырақ көтерді. Ол - Kalifarniya. Өнер иесінің таңдауы Анеля есімді қызға түскен. Бұған дейін Анеля әншінің бейнеклиптеріне түскен еді. Сондай-ақ, TikTok арқылы да көпшілікке таныс.

Іnstagram.com/aanelyin

Akha

Тамызда жастар арасында Akha деген лақапатпен танымал әнші Ахмет Өсербек шаңырақ көтерді. Музыканттың таңдауы Аиша есімді блогер қызға түсті. Қыз бұрын сүйіктісінің клиптеріне де түскен.  Өнер иесі үйлену туралы ұсыныс наурызда жасаған. Тамызда екі жас "неке қию", қыз ұзату рәсімдерін Шымкентте өткізсе, кейін Алматыда достарының арасында үйлену тойын дүркіретіп өткізді. 

Айта кетейік, Akha "Какая ты красивая", "Принцесса", "Закрываю глаза", "Insomnia" сияқты әндермен танымал.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AKHA (@aakha23)

Zheka Fatbelly

Жақында ғана қызына сөз салған Zheka Fatbelly лақапатымен танымал блогер Жеңіс Омаров күні кеше үйленді. Қуанышты жаңалығын блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол тіпті балдызымен әйеліне ән арнаған.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zheka Fatbelly (@zheka_fatbelly)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек