"Атырау, келін алып келе жатырмын". Желіде әнші Қанайдың тойынан видеолар тарады

"Атырау, келін алып келе жатырмын". Желіде әнші Қанайдың тойынан видеолар тарады
Фото: видеолардан алынған кадр

Танымал әнші Қанай шаңырақ көтерді. Желіде ұзату тойдың видеолары тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан тойдағы көріністер, өнер иесінің сүйіктісіне гүл сыйлаған, билеп жүргені көрінеді.

@yegemberd1eva00 #той #қанай #жездуха ♬ оригинальный звук - Ақжүніс♡

Тойға әншінің Қабдол, Артур секілді өнердегі әріптестері, достары келген.

@yegemberd1eva00 #той ♬ оригинальный звук - Ақжүніс♡

Әнші де әлеуметтік желідегі парақшасына тойдан кадрлар жариялады. Өнер иесінің таңдауы оңтүстіктің аруына түскен. Оның өнердегі достары Қанайдың қалыңдығы Жетісайдан екенін жазған.

"Қызды алып кеттік. Атырау келіндерің түсте болады. Құлсары, келін алып келе жатырмын. Атырау, келін алып келе жатырмын", - деп жазды әнші.

Желідегілер жас жұбайға жылы лебіздерін арнаған.

"Бақытты болыңдар", "Қандай әдемі жұп", "Бақытты болсын", "Әдемі, тамаша", "Иманды отбасы, иманды той", - деп жазған Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова