Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Перизат Сәдуақас әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады. Осыған орай, кеше алқабилер алқасына іріктеу тәртібі түсіндірілді. Қазақстан Республикасының соты ең алдымен істерді заңдылық, заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі, тараптардың теңдігі және ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталғанын атап өткім келеді. Өздеріңізге мәлім, Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық Онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - деп жазған ол.
Сондай-ақ, ол отырыста қандай әрекеттерге тыйым салынатынын атап өтті.
Бишімбаев ісі: алқабилерді іріктеу қалай жүреді?
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматтары азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын онлайн көре алатыны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!