Қазақстандықтар Бишімбаевтың сотын онлайн көре алады

Қазақстандықтар Бишімбаевтың сотын онлайн көре алады

Қазақстан азаматтары азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын онлайн көре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.

"Жоғары соттың ресми Telegram-арнаға жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына хабарламаларды қарап отырыңыздар", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан