- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаев Салтанаттың телефонындағы...
Бишімбаев Салтанаттың телефонындағы құпиясөзді біліп, бәрін бақылап отырған - қорғаушы
Нүкенованың телефонындағы деректердің бәрін Бишімбаев тексере алатындықтан Сальтанат бәрін өшіріп отырған. Бұл туралы Нүкенованың отбасының қорғаушысы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жанна Оразбахованың сөзінше, Салтанаттың телефонындағы құпиясөзді Бишімбаев айтқан.
"Салтанаттың телефоны Бишімбаевқа да тиесілі болған, ол оны ақтарып, кейбір деректерді өшіріп жүрген. Мұны марқұм Салтанат пен оның ағасы арасындағы әңгімеден аңғаруға болады. Бұған дейін Айтым (Нүкенованың ағасы) сотта сұрақтарға жауап берген кезде Салтанаттың "сенде сақталып тұрсын, мен өзімнен өшіремін" деп жазған хатын оқыған болатын. Яғни бұл жерде Салтанаттың телефонындағы құпиясөзді Бишімбаев білгендіктен ондағы ақпараттардан қорқып, Бишімбаев білмесін деген оймен бәрін өзі өшіріп отырған", - дейді адвокат.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Салтанат Нүкенованың телефонындағы деректерді айта бастаған болатын.
Еске салайық, 3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина