- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бет-аузында сау жер...
"Бет-аузында сау жер жоқ". Алматы облысында зорлана жаздаған зейнеткер оқиғаның мән-жайын айтты
Алматының облысы Еңбекшіқазақ ауданында 18 жастағы жігіт қарияның үйіне баса-көктеп кіріп, зорлық көрсетпекші болған. Зейнет жасындағы әйелді өлім аузынан көршілері аман алып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Кейуаның айтуынша, ол қызымен телефон арқылы сөйлесіп жатқан сәтте қоршаудан сығалап тұрған күдіктіні байқап қалған. Белгісіз жігіт оған түрлі әдепсіз сөз айтып, балағаттаған.
"Айқайласаң сені өлтіремін" деп тұншықтыра бастады. Өте алып, денелі жігіт. Кеудемнен, басымнан ұрды, жерге құлап түстім. Бір кезде жібергендей болды, бар күшім қоршаудың сыртына дейін жүгіріп шығуға ғана жетті. Әп сәтте қуып жетіп, қылғындырып тас жерге жығып, бар күшімен үстімнен төніп, зорлығын іске асырмақшы болды. Жылап, тиіспеуін өтіндім. Әлім жетпейтінін түсінсем де итере бердім. Бір сәтте көліктің жарығы бетіме түсіп, көршілерімді көрдім", - деді Людмилла Трофимовна.
Оқиға болған сәтте кейуана басқа қалада тұратын қызымен телефон арқылы сөйлесіп отырған.
"Жігіт анама балағат сөздерді айқайлай бастағанда мен байланыста едім, анамның айқайын естідім. Біраз сәттен кейін қоңырау үзіліп, тұтқа құлап қалғандай болды. Қатты алаңдадым. Бірден көршілерге хабарластым. Анамды келесі күні ғана көргенде қандай жағдайда болғанын айтып жеткізе алмаймын. Бет-аузында сау жер жоқ. 2 апта орнынан қозғала алмады. Қазір денсаулығы нашарлап, миы зақымданған. Ал қылмыс жасаған баланы жібере салды, біз күнде қорқынышта отырамыз. Қылмыскерге әділ жаза тағайындалсын деймін", - деді оның қызы.
Куәгерлер сөзінше, тәртіп сақшылары оқиға орнына өте кеш жеткен. Қазір іс жүріп жатыр. Сұмдық оқиғаны басынан кешкен отбасы қазір заңгердің көмегіне мұқтаж, алайда бірнеше маман қатарынан бұл істен бас тартқан.
"Бұл дерек ҚР Қылмытық кодексінің 149-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, соталды тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 2005 жылғы Т. есімді азаматты анықтады. Қазір соталды тергеу шеңберінде осы оқиғаның барлық мән-жайын объектив, толық және жан-жақты зерттеу үшін сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.
Қылмыс "тұрғынжайға заңсыз басып кiру" бабы бойынша ғана қозғалған. Зардап шеккен кейуананың отбасы іске зорлау әрекеттері және ұрып-соғу дерегін қосуды талап етеді.
Еске салайық, Талғарда ер адам 79 жастағы зейнеткердің үйіне баса көктеп кіріп, оны тұншықтырып, зорлағысы келгені хабарланған еді. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі жазды.
Тағы да оқи отырыңыз: "Даналық кітабында" адам бойындағы қандай ізгі қасиеттер дәріптеледі?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек