Талғарда 19 жастағы ер адам 79 жастағы зейнеткерді зорлап, тұншықтырғысы келген

Талғарда 19 жастағы ер адам 79 жастағы зейнеткерді зорлап, тұншықтырғысы келген
Фото: pixabay

Талғарда ер адам 79 жастағы зейнеткердің үйіне баса көктеп кіріп, оны тұншықтырып, зорлағысы келген. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

НеМолчиKZ қорының президентіне жәбірленушінің жақындары жүгінген.

"Әжем күтпеген жайтқа тап болды, кімге жүгінерімді білмеймін. Ешкім көмектесе алмайды. Түнде 19 жастағы қылмыскер әжемнің есігін бұзып кірді. Оны зорлап, тұншықтырғысы келген. Ол әжемнің бетінен жұдырықтап, кеудесі мен ішінен соққан. Ол әжеме қарағанда денелі әрі бойы ұзын болған. Бақытымызға орай, айқайлаған дауысты естіп, көмекке көршілер келген, ал қаскөй қашып кеткен. Екі күннен кейін ер адам ұсталды, ол бір жерде көлік ұрламақ болған", - дейді жәбірленушінің жақындары.

Жәбірленуші тараптың сөзінше, тергеуші істі тек тұрғын үйге басып кіру бабы бойынша қарап жатыр, ал зорлау туралы шағымға ешқандай жауап қайтармаған. 

"Отбасымызда үш әйелміз, ер адам жоқ. Не істерімізді білмейміз. Бәрі жанымызда қаскөй тұратынын білгенін қалаймыз және әділдікке жеткіміз келеді", - дейді қорға жүгінген адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dina Tansari (@dinatansari)

Бұл жағдай бойынша Алматы облысы Полиция департаментіне сұрау салынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова