- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Берік Уәлидің орнына...
Берік Уәлидің орнына "Хабар" агенттігін кім басқаратыны белгілі болды
Кемелбек Ойшыбаев "Хабар Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев 1977 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған.
Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС тілшісі болып бастаған.
2001 жылдан 2007 жылға дейін "Қазақтелеком" АҚ-да басшылық лауазымдарда еңбек еткен.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары.
2016 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
2016-2017 жылдары "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.
2019 жылғы маусымнан бастап "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Берік Уәли қайта Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы болғаны хабарланған еді. Ол 2022 жылғы наурыздан бастап "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова