Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өмірден өткен әкесі туралы естелігін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жазба жазып, видео жариялады.
"Лондонға кетерде әкемнің ауылына барып, үлкен жолдың алдында батасын алдым. Сол кездегі түскен видеомыз естелік болып, осында тұрсын", - деп жазды Айгүл Иманбаева.
Бұған дейін шетелде білім алып жүрген өнерпаз әкесінің қайтқанын естіп, бірақ соңғы сапарға шығара алмай қалғаны туралы естелік видеосын бөлісті.
Желі қолданушыларының бірі әншіге әкесінің қазасы үшін көңіл айтса, екіншілері әкесімен дер уақытында табысып үлгерген Иманбаеваға тілекші екенін жеткізді.
"Ең бастысы, өкініште қалмай, табысып үлгергенің", "Батасын алып, жолға шыққаның қандай жақсы болған. Әкеңіздің алдынан жарылқасын", "Әкеңізге қатты ұқсайды екенсіз", "Сенің келгеніңе мәз болып тұр ғой видеода", "Жаны жәннатта болсын", - деп жазды олар.
Айта кетейік, жылдың басында әнші Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға оқуға түскенін жазған болатынбыз. Актриса қандай мамандық бойынша білім алып жатқанын сілтемеге өтіп оқып біле аласыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз