Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға оқуға түсті

Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға оқуға түсті
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Ұлыбританияға оқуға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі "Өмір көркем" бағдарламасында бөлісті. 

"Достар, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады! Мен "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбритания еліне, Лондонға оқуға түстім! Тілекші болған жандардың да бар арманы орындалсын", - деп жазған ол Instagram-парақшасында.

Әншінің айтуынша, ол Арт-менеджмент мамандығы бойынша оқуға түскен. Өнер иесі биыл Қазақстанда докторантураға түскісі келген. Айгүл Иманбаева 1 сәуірде Лондонға аттанатынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????? ?????????? (@aigul_imanbayeva)

Желі қолданушылар өнер иесін құттықтап, пікір қалдырған. 

"Құтты болсын!" "Оқу сәтті болсын! Зейніңіз ашылсын", "Керемет Айгүл! Жолың болсын. Армандар орындалады", "Осыдан біраз жыл бұрын айтып жүретін едің. Ағылшын үйренемін, оқимын шетелде тұруға кетемін дейтін едің. Армандар орындалады" - деп жазған оқырмандар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек