"Басыңыз ауыруы мүмкін". 5 ақпанда магниттік дауыл болады

"Басыңыз ауыруы мүмкін". 5 ақпанда магниттік дауыл болады
Фото: pixabay.com

Астрономдар 5 ақпанда магниттік дауыл болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, 5 ақпанда G1 деңгейіндегі магниттік дауыл күтіледі.

xras.ru

Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:

- таза ауада жиі серуендеңіз;

- бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;

- көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;

- қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;

- су ішу режимін сақтаңыз.

Оқи отырыңыз: Сүйектер мен буындарға зиян келтіретін әдеттер

А. Жапатова