- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Басқа мен не...
"Басқа мен не деуім керек?" Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға тағы пікір білдірді
Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға тағы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер Дәулет Тұрлыхановқа "Жәбірленуші тарап сіздер басында бір рет хабарласты, содан кейін мүлдем жағдайымызды сұраған жоқ деп шағымданып жатыр. Сонымен келісесіз бе" деп сұрады.
"Мен ол кісілерден барып, уақыт тауып, кешірім сұрадым. Қандай көмек керек емдеріңе, берейін дедім. Басқа мен не деуім керек?", - деді Тұрлыханов.
Сондай-ақ депутат олардың көмек сұрамағанын айтты.
"Егер хабарласпаса, олар көмек сұраған жоқ", - деді ол.
Депутат журналистердің "Енді өзіңіз балаңыздың бәріне бірдей заң алдында жауап беретініне сенесіз бе" деген сұрағына "Иә" деп жауап қайтарды. "Оған елдің алдындағы сыйлы Дәулет Тұрлыхановтың аты әсер етпей ме?" дегенде, ол былай деді:
"Жоқ, мен тергеуге бердім. Қазбалаудың қазір қажеті жоқ деп ойлаймын. Видео-материалдар бар, соның бәріне қарап отырып тергеу орындары өздері нәтижесін шығарады", - деді Тұрлыханов.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған. Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі сайт тілшілеріне растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
А. Жапатова