Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова кішкентай кезінде қуыршақты қатты жақсы көргенін айтып, балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Желідегі парақшасында жазды.
"Мен бала күнімнен қуыршақтарды өте қатты жақсы көрдім. Ата-анам бетімнен қақпай қуыршақтарды үйіп-төгіп әперетін. Өте ұқыпты болдым. Бір де бір қуыршағымды жоғалтпай, тоздырмай ойнайтынмын.
Содан 13 жасқа толғанда көршім "сен енді мүшел жасқа толдың. Ең жақсы көретін, қимайтын заттарыңды біреуге беру керек. Өйтпегенде "ЖАМАН" болады", - деді. Мен соған сеніп, үйдегі бар қуыршақтарымды танымайтын бір қызға бере салдым", - деп жазды актриса.
Айта кетейік, бұған дейін "Аяғым бағынбай қалатынды шығарды". Жұлдыз Әбдукәрімова Жетісайдағы оқыс жайттан кейін әлі емделіп жүргені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кемпіршуақ деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!