"Аяғым бағынбай қалатынды шығарды". Жұлдыз Әбдукәрімова Жетісайдағы оқыс жайттан кейін әлі емделіп жүр

Фото: видеодан алынған кадр

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Жетісайдағы оқыс жайттан кейін әлі емделіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ондай-ондай "Ханның мамасында" да болып тұрады. Шынтуайтында, бұл - Жетісайдағы бел сүйектің жылжып кетуінің салдары. Арада ай өтсе де, әлі емделіп жатырмын. Кенеттен аяғым маған бағынбай қалатынды шығарды", - деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Актрисаның оқырмандары жазылып кетуін тілеп жатыр.

Желі қолданушылары "Ойбууу жеңіл жазылып кетсін", "Бел сүйек жылжып кетсе, арасында жүйке талшықтары қыстырылып қалуы мүмкін, бейнет деген аяқ астынан, дұрыстап қарап, емделші", "Байқап жүріңіз" деп жазған.

Еске салайық, бұған дейін актриса Жұлдыз Әбдукәрімова сахнада құлап, белін ауыртып алғанын жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан