Бала кезіңізде балық майының адам ағзасы үшін пайдасы туралы естіген боларсыз. Балық майы ірі балық тұқымдарының бауыры мен бұлшықеттерінен, көбінесе нәлім, майшабақ, тунец немесе скумбриядан алынады. Оның құрамына омега-3 және омега-6, А және D дәрумендері, сонымен қатар фосфор, йод, магний және кальций кіреді. Балық майы егде жастағы адамдардың ми жұмысын жақсартатыны рас па? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Балық майы несімен пайдалы?
Балық майының элементтері жасушалардың құрылысына, олардың қалпына келу процесіне қатысады. Балық майы физикалық және психикалық денсаулыққа пайдалы. Бұл тіндер мен буындардың бұзылуына қатысты аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Балық майы миға қалай әсер етеді?
Тайвань ғалымдары зерттеу жүргізіп, омега-3 депрессиядан зардап шегетін адамдарда когнитивті функцияны жақсартатынын анықтады. Бұл 60 жастан асқан егде жастағы адамдарда болатын депрессия. Айтпақшы, бұл созылмалы аурулар, әлеуметтен оқшаулану, жақын адамын жоғалтудың салдары болуы мүмкін. Бұл жағдай жүрек ауруының қаупін арттырады, сонымен қатар иммундық жүйені әлсіретеді.
Зерттеуге 60 жастан асқан 20 адам қатысты. Қатысушылар екі топқа бөлініп, олардың бір тобы күн сайын полиқанықпаған омега-3 май қышқылдарын қабылдады. 52 аптадан кейін омега-3 қоспаларын қабылдаған топта когнитивті өңдеу жылдамдығының жақсарғаныны анықталды.
Айта кетейік, бұған дейін балықтың біз білмейтін пайдасы мен зияны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сәуір айында туған адамдар қандай болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!