Балқашта 15 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Балқашта 15 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр
Фото: vechernaya_karaganda Telegram арнасы

Балқашта 15 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vechernaya_karaganda Telegram арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметіне сүйенсек, Махаббат Әбеуова 8 қаңтарда Ағыбай батыр көшесі, 14 мекенжайында орналасқан үйінен шыққан. Содан бері одан ешқандай хабар жоқ.

"Белгілері: бойы - 165-70 сантиметр, дені бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Киімі: қысқа қара күрте, ақ жемпір, көк шалбар, қара аяқкиім. Оның орналасқан жері туралы білсеңіз, мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз: +7 777 990 09 66, +7 708 352 64 60, +7 705 326 86 98 немесе 102", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйел әлі табылмағаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget