Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйел әлі табылмады

Алматы облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйел әлі табылмады
Фото: almaty.tv

Алматы облысында 10 күннен бері 33 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Мөлдір Әбдіманапова 25 желтоқсанда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Туысқандарының айтуынша ол 2023 жылы 25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кетіп, бүгінге дейін қайтып оралмаған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

"Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы