- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Баласының көзінше бұрынғы...
Баласының көзінше бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кескен ер адамға сот үкім шықты
Қырғызстандағы Соқулуқ аудандық соты бұрынғы әйелі Әсел Ноғойбаеваның мұрны мен құлағын кесті, азаптады деп айыпталған Азамат Естебесовті 20 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg -ға сілтеме жасап.
"Айыпталушыны 10 бап 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды", - деді 24.kg тілшісіне жәбірленушінің адвокаты Индира Сауытова.
Сот шешімі бойынша Азамат Естебесов бұрынғы әйеліне 2 миллион сом, ал мемлекетке тағы 80 мың сом айыппұл ретінде төлеуге тиіс.
Еске салайық, былтыр 20 қыркүйекте 36 жастағы Әсел Ноғойбаева ауруханаға пышақ жарақатымен түскен еді. Бұрынғы күйеуі Азамат Эстебесов оның құлағы мен мұрнын кесіп тастаған. Сол кезде бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейін Әсел Ноғойбаеваның отбасы қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыру керек екенін айтқан еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек