Қазіргі дамыған заманда өмірімізді ұялы телефондарсыз елестету қиын. Қазір смартфондар ересектерде де, балаларда да бар. Балаға алғашқы телефонын қай жаста алу – көптеген ата-ананы толғандыратын сұрақтың бірі. Дәрігер Евгений Комаровский балаға ұялы телефонды неше жаста алып берген дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер бұл сұраққа өзінің инстаграм парақшасында жауап берді.
"Балаға алғашқы телефонын алып беру сұрағын қозғаған кезде онымен бірге бала психикасы, оның бала денсаулығына зияны деген секілді сұрақтар да талқыланады. Сіз таңғалуыңыз мүмкін, бірақ шындығында көпшілік дәрігерлер мен психологтар ассоциациясы балаға алғашқы телефон керек уақыт – 10-14 жас аралығы деп айтады. Бірақ біздің елде оны елестетудің өзі қиын: ата-аналар "қалайша менің баламда 14 жасқа дейін телефон болмайды" деп таңғалады.
Негізінде, бұл жерде медициналық проблема өте аз. Ұялы телефонның басты проблемасы – ата-ананың осы құрылғы көмегімен балаға арнауға дайын уақытынан құтылғысы келуінде. Бала қаншалықты ерте жаста телефонды болса, ол соншалықты аз уақыт ата-анасымен бірге болады. Яғни, телефон – ата-ананың баламен сөйлесуден босауы. Сіз баламен көп сөйлессеңіз және онымен уақытты қызық өткізсеңіз, бала телефонды қажет етпейді. Балаңызға телефон емес, сіз қажетсіз. Қалай десек те, 10 жаста әрбір адамға телефон керек деп ойлаймын", - деді дәрігер Комаровский.
Оқи отырыңыз: Балаға ұялы телефон алып берерде талқылану керек мәселелер