Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салықтан жалтарып, түрлі әдіс қолданып жүрген кәсіпкерлер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ өкілі вице-министрге "Қазір көптеген саудагер салықтан қашып, сатып алушыларға ақшаны мобильді телефонына баланс ретінде жіберуді сұрайды. Оларға қандай да шара қабылдана ма?" деп сұрақ қойды.
"Меніңше, бұл жаңадан шыққан көп тәсілдердің бірі ғана. Ақшаны кәсіпкерге баланс арқылы жіберу - уақытша құбылыс және ыңғайсыз нәрсе. Өйткені клиентке әр түрлі байланыс операторларынан жіберіп отыру көп уақыталады әрі ыңғайсыздық тудырады. Уақыт өте өздігінен жойылады деп ойлаймын. Біз клиентпіз, оларға дұрыс-бұрысын біз айтамыз. Мен клиент ретінде ешкімге баланс аудармаймын. Маған банк картасы арқылы төлеген ыңғайлы, себебі онда "кэшбэк" бар", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, егер мұндай аударымдар жиілесе министрлік байланыс операторлары арқылы шара қабылдайды.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!