- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бала ойыншық жұтып...
Бала ойыншық жұтып қойса не істеу керек?
Әдетте алты айдан үш жасқа дейінгі балалар ұсақ ойыншықтарды жұтып қояды. Мұндай жағдайда балаға қалай көмектесе аласыз? Бұл сұраққа терапевт Ольга Чиркова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NEWS.ru-ге сілтеме жасап.
Дәрігер мұндай ұсақ заттарды инертті, ықтимал агрессивті және агрессивті деп бөліп қарастыратынын айтты. Оның айтуынша, инертті заттар ғана аса зиян келтірмейді, ал басқа жағдайда маман көмегі қажет болуы мүмкін.
"Біріншісіне инертті материалдардан жасалған ұсақ дөңгелек заттар жатады: ілгектер, моншақтар, тиындар. Әдетте олар ағзадан табиғи жолмен шығады және бұл жайлы ата-ана сол кезде бір-ақ біледі. Егер бала шырша жылтырағының (мишура) бір бөлігін жұтып қойса да, солай болады. Егер ол үлкен лента немесе шыршаға ілетін кішкентай ойыншық жұтып қойса, оны ағзаға ықтимал агрессивті зат ретінде қарастыру керек, - дейді дәрігер.
Себебі шырша ойыншығы сынып, асқазан-ішек жолы шырыштысын тіліп жіберуі мүмкін. Дәрігердің айтуынша, бұл жағайда ата-ана маман көмегіне жүгіну керек. Дәрігер қауіптілік жағдайына қарай бақылайды немесе эндоскопиялық амал жасайды.
"Агрессивті заттар химиялық, физикалық және механикалық агрессивті болуы мүмкін. Оларды бірден алып тастау керек. Химиялық агрессивті заттарға, мысалы, таблеткалар, физикалыққа – магниттер, ал механикалыққа механикалық зақымға әкелетін заттар жатады", - дейді Ольга Чиркова.
Егер бала агрессивті зат жұтып қойса немесе ол тамағында (немесе өңеште) тұрып қалса, жедел жәрдем шақыру керек. Дәрігердің айтуынша, бұл жағдайда ата-ана баланы тыныштандырып, маман көмегін күту керек.
"Бұл жағдайда затты алуға немесе итеріп жіберуге тырыспаңыз, балаға су және тамақ бермеңіз", - деп ескертті дәрігер.
Оқи отырыңыз: Бала сағыз жұтып қойса, не болады? Дәрігер жауабы
А. Жапатова