Кішкентай балалар мен кейбір есерек адамдар ұйқы кезінде тісін қайрайды. Тіс қайрау медицинада бруксизм деп аталады. Бруксизм сырт көзге аса қауіпті көрінбегенімен, оның денсаулығыңызға тигізер ауыр зардабы болуы мүмкін. Massaget.kz тілшісі бала неліктен тісін қайрайтынын, оның қаншалық қауіпті екенін және одан құтылу үшін не істеу керегін білу үшін педиатр Алтынай Рахимжунусованың көмегіне жүгінді.
Баланың тісін сирек қайраса, мұнда алаңдайтын мәселе жоқ. Ал егер тіс қайрау тым жиі қайталанса, бұған назар аудару керек.
Алтынай Рахимжунусованың айтуынша, баланың тіс қайрауының бірнеше себебі бар. Олар:
Дәрігер бұл себептің әрқайсысының шығу тегін түсіндірді.
"Стресс үйдегі мәселе, ата-анамен арақатынасы, мектепте мұғалім тарапынан қысым, буллинг секілді түрлі себептен болуы мүмкін. Адам күйзеліске ұшыраған кезде еріксіз тісін қыса бастайды. Тісті қыса бергендіктен, жақ бұлшықеттері астыңғы жақ сүйек үстіңгі жақ сүйекке бекітілген орындағы буын қабынуы мүмкін. Буын қабынуының салдарынан адам тісін қайрайды, басы ауырады", - дейді педиатр.
Сонымен қатар, балалар дәрігері тіс қайраудың себебі паразитоз екенін қалай анықтауға болатынын бөлісті.
"Тіс қайрау көбінесе паразитозбен байланысты, ал паразитоздың өзі стресстен болады.
Паразитозда арнайы циклдар бар, яғни құрт тек ішекте емес, басқа ортаға өту уақыты. Бұл циклді ай туғанда және толғанда анықтай аламыз. Ай толғанда ағзадағы құрттар қозғала бастайды, осындай уақытта баладан мазасыздану, тісін қатты қайрау, көтені қышу, дұрыс ұйықтамау секілді айқын белгілер көрінеді. Егер бұл белгілер күнтізбемен салыстырғанда айдың тууы және толуымен сәйкес келсе, онда оның себебі паразитоз", - деп жауап берді маман.
Ұйқы кезінде тіс қайрау қауіпті ме?
"Адам тісін қайраған кездегі ең бірінші мәселе, бұл буындар босап, қабынып, спазмаға айналуы мүмкін.
Екіншісі, бұл тіске теріс әсер етеді. Тіс бір-біріне қажала берген кезде, тісті қорғап тұратын қабығы зақымдалуы мүмкін", - дейді дәрігер.
Тіс қайраудан қалай құтылуға болады?
Дәрігер сөзінше, егер тіс қайрау себебі нейроз болса, баланың психикалық жағдайымен жұмыс жасау керек.
"Нейроз кезінде бала мазасыз, ашушаң болады, ең айқын белгісі ол тырнақтарын тістеу арқылы алып тастайды. Біздің тәжірибеде жиі кездесетін жағдайдың бірі, мысалы, анасы екінші баласын босанған кезінде әдетте үлкеніне көңіл бөлінбей қалады. Сондықтан бала анасының назарын өзіне аудару үшін әртүрлі іс-әрекет жасайды. Осындай жағдайлар баланы стресске түсіреді, оның психикалық жағдайымен жұмыс жасау керек", - деп түсіндірді педиатр.
Алтынай Рахимжунусова стресс кезінде тіс қайраудан құтылу үшін ұйықтау уақытынан 3-4 сағ бұрын балаға магний глицинаты не цитратын қабылдауына болатынын айтты. Сондай-ақ магний тұзы қосылған ванна қабылдауға болады, оған қоса дұрыс тамақтанып, ұйқы режимін реттеу керек.
"Ал тіс қайраудың себебі паразитоз болса, міндетті түрде педиатр, инфекционист, паразитологпен толық кезең-кезеңімен тексерістен өту керек. Ең зияны төмен үй жағдайындағы әдістің бірі, ащы беру, яғни сарымсақ, пияз немесе тмин майын, қауын дәнін беруге болады", - дейді ол.
Ал ересектердің ұйықтап жатқанда тіс қайрауының себебі неде?
Көп жағдайда бұзылыс стресс, эмоционалды және физикалық шамадан тыс жүктемеден туындайды. Бірақ оның басқа да себебі көп. Мысалы, адам қою кофе немесе алкогольді көп ішсе, ұйқысыздықтан зардап шегеді. Бруксизм кейде құлақ аурулары және ми жарақаттарымен де байланысты болады.
Айта кетейік, бұған дейін "тіс қайраудың ауру ма?" деген сұрақтың жауабы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кенесары хан бастаған көтеріліс неліктен жеңіліске ұшырады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!